Halyq Uni логотип
×

Шымкентте ішіне пышақ сұғылған жүкті әйел ауруханаға түсті

Ол жедел жәрдеммен жеткізілген кезде есін біліп жатты

 Еркеғали Болатұлы 07.06.2024 | 13:31
Шымкентте ішіне пышақ сұғылған жүкті әйел ауруханаға түсті
фото: Halyq Uni

Шымкентте №2 қалалық ауруханаға пышақ жарақатымен жүкті әйел жеткізілді, деп хабарлады otyrar.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 30-дағы жәбірленуші ішінен жарақаттанған. Мұны нақты кім жасағаны әзірше белгісіз. Абырой болғанда, жарақат терең емес және балаға қауіп жоқ. Қазір зардап шегушіге ота жасалған.

Ол жедел жәрдеммен жеткізілген кезде есін біліп жатты. Тексеру барысында оның жүкті екені анықталды, бірақ мерзімі өте кішкентай. Қазір жағдайы қанағаттанарлық, - деді журналиске ақпарат берген инсайдер.

Аурухана қызметкерлері зардап шегуші туралы ақпаратты Шымкент қаласының полиция департаментіне жеткізген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама