×

«Соқ оны!». Алматыда оқушылар жол ережесін өрескел бұзған (ВИДЕО)

Қалалық ПД баспасөз қызметі түсінік берді

 Еркеғали Болатұлы 07.06.2024 | 12:35
фото: posttype.ru

Әлеуметтік желіде қатты жылдамдықпен қауіпті маневрлар жасай отырып көлік жүргізген оқушылардың бейнесі әлеуметтік желіге тарап кетті. Балалар бұл қимылдарын өздері бейнежазбаға түсірген. Олардың бұл әрекеттері үшін ата-аналары жауапқа тартылды.

Жүргізушінің жанында отырған жасөспірім видео фонында боқауыз сөз айтып, адам қаққысы келетінін жеткізген.

Біз оның анасы ұлының не істеп жатқанын біледі деп ойлаймыз. Жасөспірімдердің ата-аналары ұлдарын тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін атқара бастауы үшін қанша жазықсыз балалар өлуі керек? - деп атап өтті басылым авторы.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі оқушылардың бұл әрекетіне қатысты түсінік берді.

Жергілікті полиция қызметінің өкілдері құқық бұзушыларға қатысты шаралар қабылдады. Әкімшілік іс жүргізу материалдары жиналды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ведомство жасөспірімдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамаған ата-аналары жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама