Halyq Uni логотип
×

Қарағанды облысында түрмеден қашып кеткен жазасын өтеуші тағы 2 жылға сотталуы мүмкін

Ол жазасын қауіпсіздігі ең төменгі колонияда өтеп жатқан

 Дәурен Ерболат 07.06.2024 | 11:06
Қарағанды облысында түрмеден қашып кеткен жазасын өтеуші тағы 2 жылға сотталуы мүмкін
Жандос Ошанаев Фото: ©️ instagram/patriotkaragandy

Қарағанды облысында түрмеден қашып кеткен жазасын өтеуші ұсталды, деп хабарлады облыстық ҚАЖД баспасөз қызметі.

Бүгінде сотталушы түрмеде отыр.

Оған заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады. Қылмыстық кодекске сәйкес, жазаны өтеуден жалтарғаны үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - деп мәлімдеді Қарағанды облысының ҚАЖД баспасөз қызметі.

Бұған дейін БАҚ-та Қарағанды ​​облысындағы түрмеден 1992 жылы туған Жандос Ошанаевтың қашып кеткені хабарланған еді.

Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін сотталған (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 1, 2, 3-тармақтары). Оның туыстары Теміртауда тұрады. Бойы – 175 сантиметр, салмағы – 73 келі. Орта денелі, шашы қара, көзі қоңыр. Сол қолында 4,5 сантиметр күйік тыртығы және оң қолының ортаңғы саусағында сақина түріндегі татуировкасы бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама