«Үйленіп жатыр...»: Димаштың бейтаныс аруға жүзік сыйлаған видеосы қызу талқыға түсті
Димаштың өзі фотосессияға қатысты пікір білдірген жоқ
Әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергеннің бейтаныс аруға жүзік сыйлаған видеосы тарады. Көпшілік қазақстандық әншінің бұл әрекетіне таңданып қалды.
Жақында туған күнін Стамбұл қаласында қарсы алған әншінің жеке өмірі әрдайым қызық. 30 жасты еңсерген халық әртісі сүйіктісі бар-жоғы жайлы тіс жарған емес. Ал видеоны көрген желі оқырмандары Димаш Құдайберген сүйіктісіне сөз салды деп топшылап отыр.
«Сүйіктісі ме?», «Димаштың тойы болса, осыған дейін еститін едік», «Жарнама ғой, үйленсе әлем шулайтын еді», «Қыздар жылайтын болды-ау», «Бұл жарнама ма, әлде расында үйленіп жатыр ма?», «Бақытты болсын», «Димаш ең жақсыға лайық», «Үйленіп жатыр ма?», - деді жұрт.
Айта кетейік, аталған видео белгілі бір өнімнің жарнамасы болуы ықтимал. Өйткені кейбір оқырмандар бейнежазба жарнамалық негізде түсірілгенін, ал суреттер елордадағы билбордтарда ілініп тұрғанын айтып жатыр. Димаштың өзі фотосессияға қатысты пікір білдірген жоқ.