Halyq Uni логотип
×

Астанада бес күнде 19 мас жүргізуші жауапқа тартылды

25 жастағы ер адамның әкесінің көлігі айыппұл тұрағына қойылды

 Дастан Жұмабекұлы 06.06.2024 | 18:03
Астанада бес күнде 19 мас жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Астанада «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 19 мас жүргізуші анықталды. Олар бес күнде ұсталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 05:00-де патрульдік полиция полкінің инспекторлары Республика даңғылында Mercedes автокөлігін тоқтатып, 25 жастағы жүргізушінің мас екенін анықтаған.

Жүргізуші әкесінің үйде болмағанын пайдаланып, оның көлігінің кілтін алып, досына барған. Сол жерде екеуі ішімдік ішкен. Отырыстан кейін ол мас болып көлікке отырған.

Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша, оның жеңіл дәрежедегі мас болғаны анықталды. Ер адамға қатысты көлік жүргізуге құқығы жоқ адамның автокөлікті мас болып жүргізгені үшін  ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Жиналған материалдар сотқа жіберілді. Нәтижесінде ол сот шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Оның әкесінің көлігі айыппұл автотұраққа қойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама