Бұл оңай шаруа емес
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2030 жылға қарай Қазақстанда 15 жасқа дейінгі қыздардың 90 пайызын жатыр мойны обырына қарсы вакцинациямен қамтуды ұсынды. Бұл туралы халықаралық ұйымның еліміздегі ресми өкілі, доктор Скендер Сыла мәлімдеді.
Біздің Қазақстан Үкіметімен бірлескен міндетіміз – жасөспірім қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялауға барынша қолжетімділікті қамтамасыз ету. ДДСҰ 2030 жылға қарай 15 жасқа дейінгі қыздардың 90 пайызын жоспарлы АПВ-ға қарсы вакцинациялаумен қамтуды қамтамасыз етуді ұсынады. Бұл оңай шаруа емес. Бірақ бізде басқа елдердің сәтті мысалдары бар.
Әсіресе Аустралияның тәжірибесін атап өткім келеді. Онда вакцинациялаудың арқасында жатыр мойны обырының жаңа жағдайлары анықталған жоқ», - деді ДДСҰ өкілі.
Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жатыр мойны обыры Қазақстанда сүт безі обырынан кейінгі фертилдік жастағы әйелдер өлімінің екінші себебі екенін атап өтті.