Суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелері сақталмаған
Қайғылы оқиға Маңғыстау облысының Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылынан 5 шақырым жерде, Каспий теңізінде болған.
2022 жылы туған бүлдіршін шомылуға жабдықталмаған аумақта суға батып кеткен. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды.
Алдын-ала болжам бойынша, суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Сондықтан мамандар судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, атап айтқанда, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады, - деп хабарлады ТЖМ.