×

Каспий теңізіне 2 жасар бала батып кетті

Суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелері сақталмаған

 Еркеғали Болатұлы 06.06.2024 | 16:40
фото: dzen.ru

Қайғылы оқиға Маңғыстау облысының Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылынан 5 шақырым жерде, Каспий теңізінде болған.

2022 жылы туған бүлдіршін шомылуға жабдықталмаған аумақта суға батып кеткен. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды.

Алдын-ала болжам бойынша, суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Сондықтан мамандар судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, атап айтқанда, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады, - деп хабарлады ТЖМ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама