×

БАҚ-тың ресми сауалына уақытында жауап бермеген мемлекеттік мекемелер жауапқа тартылады

Алдымен министрлік тексеріс жүргізеді

 Дәурен Ерболат 06.06.2024 | 15:30
фото: smi2.ru

Енді елімізде бұқаралық ақпарат құралдарының ресми сауалына уақытында (5 күнде) жауап бермеген мемлекеттік мекемелер жауапқа тартылады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, егер журналист ресми сауалына мемлекеттік органннан 5 күн ішінде жауап ала алмаса, Мәдениет және ақпарат министрлігіне ескертуі керек.

Егер мұндай деректер болса, өкілетті орган туралы біздің министрлікке жазасыз. Біз тиісті тексеріс жүргізіп, сұраққа қасақана жауап бермей қойса, өкілетті органды тиісті тәртіптік жазаға тарту жағын қарастырамыз, – деді Қанат Ысқақов Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Министрдің орынбасары журналистердің ресми сауалына уақытында немесе мүлде жауап бермеген мемлекеттік органдардың қызметкерлері жауапқа тартылатынын ескертті.

«Мұнда әкімшілік немесе қылмыстық жаза қарастырылмаған, тек тәртіптік жаза бар. Тәртіптік жаза, яғни сөгіс жарияланады», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама