Ақтөбеде 5 жасар бала жоғары қабаттың терезесінен құлап кетті

Еркеғали Болатұлы

Жыл басынан бері өңірде терезеден 7 бала құлаған

фото: egemen.kz

Ақтөбеде 5 жасар бала өз бөлмесінде ойнап жүріп, үйдің жетінші қабатының терезесінен құлап кеткен.

Жазатайым оқиға салдарынан алған дене жарақатынан бала оқиға орнында қайтыс болды, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.

Жалпы, жыл басынан бері өңірде терезеден 7 бала құлаған.

Ақтөбе облысының полиция департаменті мынадай қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады:

  • кішкентай балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз;
  • терезенің шыбын-шіркейден қорғайтын торлары баланы құлаудан сақтамайтынын ешуақытта естен шығармаңыз!
  • балалардың балконға ересектерсіз кіруіне жол бермеңіз!