Ақтөбеде 5 жасар бала жоғары қабаттың терезесінен құлап кетті
Жыл басынан бері өңірде терезеден 7 бала құлаған
Ақтөбеде 5 жасар бала өз бөлмесінде ойнап жүріп, үйдің жетінші қабатының терезесінен құлап кеткен.
Жазатайым оқиға салдарынан алған дене жарақатынан бала оқиға орнында қайтыс болды, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.
Жалпы, жыл басынан бері өңірде терезеден 7 бала құлаған.
Ақтөбе облысының полиция департаменті мынадай қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады:
- кішкентай балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз;
- терезенің шыбын-шіркейден қорғайтын торлары баланы құлаудан сақтамайтынын ешуақытта естен шығармаңыз!
- балалардың балконға ересектерсіз кіруіне жол бермеңіз!