«Жауапсыз қалдырмаймын!»: әскерде асылып өлген сарбаздың анасы үндеу жасады (ВИДЕО)
Қазақстанды қырып бітетін болды...
4 маусымда Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы шекара қызметінің әскери бөлімінде асылып өлген Еділ Тешебаевтың анасы әлеуметтік желіде үндеу жасап, президенттен өзін қабылдауды сұрады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Анасының айтуынша, баласы әскерге дені сау болып кеткен.
«Неге әскерге дені сау болып кеткен бала өліп келеді? 2 күн емес қазір ішін ашпай әкеліп берсін! Екінші балаларыңды әскерге жібермеңдер! Ресейден бе, басқа жақтан алдыртсын. Қазақстанды қырып бітетін болды. Ақшадан қиналдым, ақша үшін өлдім депті. Міне, хаттары тұр жіберілген. Әскерде қандай ақша ол?! Қамтамасыз ете алмасаңдар неге әкетесіңдер?! Өзінің ауруы бар екен дейді. Ауру болса, неге аласыңдар?! Жауап беріңдер! Мен жауапсыз қалдырмаймын! Президент мырза, балам өлді деген хабар алып тұрмыз. Ақшадан қиналып өлдім деп жазыпты. Президенттің қабылдауын сұраймын», - дейді анасы.
Еске сала кетсек, ҰҚК шекара қызметі Маңғыстауда қаза тапқан сарбаз өлімінің алдын ала себебін айтып, қол жұмсауына әскери қызмет өткеруі емес, отбасылық-тұрмыстық мәселелер әсер еткен деп хабарлады.
Әскердегі қайғылы жағдайдан кейін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілер арасында өлім-жітімнің жиілеуіне байланысты арнайы комиссия құруды тапсырды.
Осындай жағдайға жол берген офицерлер жазаланатын болады.