Halyq Uni логотип
×

Көші-қон заңнамасын бұзған 15 мигрант ұсталды

10 шетелдікке ел аумағына кіруге 5 жыл мерзімге тыйым салынса, қалғандарына 25 АЕК (92 300 теңге) айыппұл салынды

 Дастан Жұмабекұлы 06.06.2024 | 13:57
Көші-қон заңнамасын бұзған 15 мигрант ұсталды
Фото: gov.kz/ Ішкі істер министрлігі

Көлік полицейлері көші-қон заңнамасын бұзған 15 шетелдікті ұстады.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, соңғы 3 күнде «Заңсыз келуші – 2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде полицейлер 112 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 90 шетелдік ұсталды. Олардың 87-сі ТМД елдерінен келген болса, үшеуі елімізге алыс шетелден келген.

Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов айтты. Оның айтуынша, сот шешімі бойынша 17 шетелдік елден шығарылған.

Мәселен, Арыс-1 станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол вокзалын тексеру кезінде заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен астам уақыт ішінде кетуден жалтарған Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстан Республикасының 15 азаматын анықтады.

Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 10 шетелдік ел аумағына кіруге 5 жыл мерзімге тыйым салу белгіленіп, елден шығарылса, қалған азаматтарға 25 АЕК (92 300 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Еске сала кетсек, биыл 3-9 маусым аралығында Қазақстан Республикасында заңсыз жүрген адамдарды анықтау және заңсыз көші-қонның алдын алу мақсатында «Заңсыз келуші – 2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама