×

Атырауда өрт сөндірушлер сегіз айлық сәбиді құтқарды (ВИДЕО)

№1-МӨСБ бөлімше командирі Азамат Құрманиязов баланы баспалдақпен үйден алып шыққан

 Дастан Жұмабекұлы 06.06.2024 | 12:10
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Бүгін таңертең Атырау қаласындағы 6 қабатты тұрғын үйде тамақ қалдығы қалған газ плитасы жанып кете жаздаған. Соның кесірінен түтін пайда болып, пәтердегі сегіз айлық бала құтқарылды.

Пәтер есігі сыртынан құлыптаулы болған. Осы кезде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушысы, №1-МӨСБ бөлімше командирі Азамат Құрманиязов баспалдақпен 2023 жылы туған баланы құтқарды.

ТЖМ АМО дәрігерлері сәбиге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама