Қылмыстық іс қозғалды
Павлодар-Ақсу автожолында жасөспірім скутермен жол апатын жасады.Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Павлодар-Ақсу автожолында болған жол апаты салдарынан скутердің кәмелетке толмаған жүргізушісі мен оның жолаушысы қаза тапты, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мустафинов.
Облыстық жедел жәрдем станциясы шақыртудың 5 маусымда сағат 16:54-те түскенін хабарлады. Павлодар-Ақсу тасжолында, Қарабай ауылы аумағында скутер КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқан. Екі жедел жәрдем бригадасы 9 минутта оқиға орнына жетіп, сол жерде дәрігерлер 15 жастағы жасөспірімнің қаза тапқанын растаған.
Ауыр жарақат алған тағы бір 15 жастағы бала №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.