Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында мыңға жуық кәмелетке толмаған бала жауапқа тартылды

316 ата-ана балаларды дұрыс тәрбиелемегені үшін жазаланды

 Дастан Жұмабекұлы 06.06.2024 | 11:00
Павлодар облысында мыңға жуық кәмелетке толмаған бала жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Биыл Павлодар облысында түнгі уақытта үйден тыс жерде ересек адамдармен еріп жүрмеген мыңға жуық кәмелетке толмаған бала жауапқа тартылды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, полицейлер ата-аналарға балалардың түнде көшеде және ойын-сауық орындарында болғаны үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске салады. Мұндай серуендер кәмелетке толмағандар үшін қауіпсіз емес және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Мысалы, Павлодарда сағат 00:00 шамасында М. Жүсіп көшесіндегі №386 үйдің жанында полиция қызметкерлері ересек адамдарсыз жүрген балаларды көріп, оларды полиция бөліміне жеткізген.

Бөлімге балалардың ата-аналары шақырылып, оларға ескерту жасалып, әкімшілік хаттама толтырылған.

Кенжекөл кентінде 14 жастағы жасөспірімнің скутермен жол апатын жасағаны анықталды. Бала зардап шеккен жоқ. Алайда оның ата-анасы жауапқа тартылды.

Павлодар облысының ПД ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибегүл Камзинаның айтуынша, жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз үйден тыс жерде болғаны үшін 1 007 адам жауапқа тартылған.

48 кәсіп иелеріне кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарына кіруіне рұқсат бергені үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. 316 ата-ана балаларды дұрыс тәрбиелемегені үшін жазаланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама