Жасанды су қоймасына қайықпен кеткен адамдардан ешқандай белгі жоқ
Қарағанды облысында 1 маусымда Шахтинск қаласынан 2 шақырым жердегі жасанды су қоймасында жоғалған балықшыларды іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасып жатыр. Құтқарушылар оларды бірнеше күннен бері таппай жатыр.
Еске сала кетсек, балықшылар су қоймасына жасанды моторлы қайықпен кеткен болатын. Одан кейін олардан ешқандай хабар жоқ.
Облыста тағы бір 1951 жылы туған балықшы іздестіріліп жатыр. Ол 11 мамырда Осакаров ауданында үрлемелі қайықпен жүзіп кетіп, қайтып оралмаған.
Төтенше жағдайлар министрлігі балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін еске салады.