Қарағанды облысындағы ауылдан қару мен оқ-дәрілер табылды
Газ револьвері мен 7 жарылғыш пакеті тәркіленді
Қарағанды облысында ауыл тұрғынынан қару мен оқ-дәрілер тәркіленді.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты ауылдардың бірінде криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген «Құқықтық тәртіп» іс-шарасының нәтижесінде ауылдың 54 жастағы тұрғынынан заңсыз сақталған, тіркелмеген қарулар мен оқ-дәрілер тәркіленді.
Тінту кезінде екі қару, газ револьвері, әртүрлі калибрлі 580 оқ-дәрі, 7 жарылғыш пакеті тәркіленді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары күдіктінің үйінен 3 қағаз қорапқа оралған қою жасыл түсті зат тапты.
Қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті тергеліп жатыр.