Halyq Uni логотип
×

Өзбекстанда имамдарға әлеуметтік желіде уағыз айтуға тыйым салынды

Елдегі әлеуметтік желіде «жұлдыз» атанған имамдар мәртебесі мен дәрежесіне сәйкес келмегендіктен, қызметінен шеттетілген

 Еркеғали Болатұлы 05.06.2024 | 11:48
Өзбекстанда имамдарға әлеуметтік желіде уағыз айтуға тыйым салынды
фото: inbusiness.kz

Өзбекстан имамдарға әлеуметтік желіде уағыз айтуына және жазбаларға лайк басуға ресми түрде тыйым салды.

Ташкент қаласы бас имамының Telegram мессенджері арқылы барлық аудан мешіттерінің бас имамдарына жолдаған аудио хабарламасында имамдардың әлеуметтік желідегі сөздеріне қатаң бақылау енгізілгені айтылады.

Біздің келесі нұсқауымыз әлеуметтік желілерде сөйлеуге тыйым салуға қатысты. Біз бұл мәселені қатаң бақылауға аламыз. Бұл қажылық жасайтындарға да қатысты. Имам хатибтер бұл ақпаратты өз орынбасарларына және барлық басқа адамдарға жеткізуі керек. Сондай-ақ әлеуметтік желілердегі кез келген жазбаны оқығаннан кейін лайк басуға тыйым салынады. Барлық имам-хатибтер бұл ақпаратты өз орынбасарларына жеткізіп, бұл мәселені қадағалауы керек, – делінген Ергаш Рустамовтың аудио хабарламасында.

Айта кетсек, бұған дейін ол елдегі әлеуметтік желіде «жұлдыз» атанған имамдар мәртебесі мен дәрежесіне сәйкес келмегендіктен, қызметінен шеттетілген болатын. Сондай-ақ Өзбекстанда мұртсыз сақал қойғандар мен ниқаб кигендер қатаң бақылауға алынған. Ережені бұзғандарға әкімшілік жаза қолданылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама