×

Дәріханаға барып көмек сұраған ит көпшілікті таңғалдырды

Фармацевт иттің тамақ жегісі келетінін топшылаған

 Халық үні 04.06.2024 | 19:24
фото: видеодан скриншот

Табаны жараланған ит дәріханаға кіріп, көмек сұраған. Үй жануарының бұл әрекеті желі қолданушыларын таңғалдырды.

Куәгерлердің айтуынша, қаңғыбас ит фармацевт Бану Ченгизге жақындап, оның босағанын күткен. Әу баста Бану иттің тамақ жегісі келетінін топшылаған. Ол тостағанды тамаққа толтырып, жануарға ұсынған. Бірақ, ит жеуден бас тартып, жаралы табанын алға қарай созып, көмек сұрағандай сыңай танытыпты.

Табанында қан болды. Мен жараны тазалап, емдік жақпа жақтым. Мұны көрген кейбір келушілер итті өздерімен бірге алып кеткісі келді. Бірақ ит еркіндікті таңдап, дәріханадан қашып кетті, - дейді Бану.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама