×

Астанада көпқабатты үй өртенді

10 адам қауіпсіз жерге көшірілді

 Дәурен Ерболат 04.06.2024 | 17:48
Фото: ТЖМ

Елордада 12 қабатты тұрғын кешенінен өрт шықты, деп хабарлады ТЖМ.

Бүгін ТЖД өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері Бөгенбай батыр, 3А мекенжайына шақыртуға барған. Олар жеткенде өрттің көпқабатты тұрғын үй кешенінің кабель шахтасынан (2-12 қабаттың аралығы) шыққаны анықталды. Ауданы – 36 шаршы метр.

Өрт сөндірушілердің күшімен 10 адам эвакуцияланды. Оның ішінде 4 бала бар. Жоғары қабаттағы 25 адам (оның 8-і – бала) өз күшімен төменге түсті.

Мамандар жалынды толық сөндірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама