Өтінімдердің былтыр шілде айында түскеніне қарамастан, төлемдер күні бүгінге дейін кешіктірілген
Алматы облысының прокуратурасы өңірдің ауыл шаруашылығы басқармасын тексеру кезінде 110 фермерлік шаруашылықтың тиісті субсидияны ала алмағанын анықтады.
Фермерлер субсидияға өтінімдерін 2023 жылдың шілдесінде бергеніне қарамастан, төлемдер 2024 жылға дейін кешіктірілген.
Фермерлерге қарыздың жалпы сомасы 199 млн теңге болған. Алайда 14 жұмыс күні болғанына қарамастан, өтінімдерді қарау мерзімі кешіккен. Облыстық прокуратура барлық фермерлердің субсидия алуы үшін шаралар қабылдады. Болашақта мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін өтінімдерді уақтылы қарауды тексеретін болады, – делінген хабарладама.
Прокуратура одан әрі аймақтағы әсіпкерлердің құқығы мен инвестициялық жобаларын қорғайтын болады.
Осындай проблемаға кезіккен фермерлер облыстық прокуратураға +77756046666 нөмірі арқылы хабарласа алады.