Halyq Uni логотип
×

Кентау қаласының әкімі жұртқа өзінің желі арқылы хат жазып жүрмегенін мәлімдеді

Құзырлы органдарға арыз жазылып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 04.06.2024 | 12:26
Кентау қаласының әкімі жұртқа өзінің желі арқылы хат жазып жүрмегенін мәлімдеді
фото: Halyq Uni

Әлеуметтік желілердің мессенджерінде Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың және орынбасары Ғалымжан Төлеповтің атынан хабарлама жіберіліп жатыр.

Кентау қаласының әкімдігі әлеуметтік желідегі бұл хабарламалардың жалған екенін мәлімдеді.

Мұны интернет алаяқтары жібереді. Сіздерден жалған ақпаратқа сеніп, бейтаныс нөмірге ақша аудармауларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер, - деп хабарлады әкімдік.

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов өзінің Instagram-дағы жеке парақшасында да мәлімдеме жасады. Айтуынша, оның атынан жалған парақша ашылған.

Әлеуметтік желі қолданушылары арасында кеңінен таралған WhatsApp, Messenger және Telegram желілерінде менің атыммен ашылған фейк парақша анықталды. Аталған парақшалардың маған ешқандай да қатысы жоқ екендігін хабарлаймын.

Фейк парақшасының қолданушысын анықтау мақсатында құзырлы органдарға арыз жазылып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Заң аясында жауапкершілікке тартылатын болады», - деп жазды әкім.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама