×

Енді Астанада автобустар түнде де жүреді

Түнгі бағдарлар қаланың негізгі аудандарын қамтиды

 Дәурен Ерболат 04.06.2024 | 12:05
көрнекі фото: Halyq Uni

Елордада автобустар түнде де жүретін болды, деп хабарлады CTS компаниясы.

Жаздың басталуына байланысты қалада тиісті жерге жету ыңғайлы болу үшін түнде №201, 202, 203 бағдарларын іске қосу жоспарланып отыр. Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары енді баратын жеріне түнгі сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін автобуспен қатынай алады.

Түнгі бағдарлар қаланың негізгі аудандарын қамтып, негізгі көлік хабтарын байланыстырады. Бағдарлардың қозғалыс сызбасы мен жүру кестесі автобус бағдары іске қосылғанда жарияланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама