Halyq Uni логотип
×

Жас сарбаз жарты жыл бойы комада жатыр: Бас әскери прокуратура мәлімдеме жасады

Әзірге күдікті ретінде ешкім анықталмаған

 Еркеғали Болатұлы 04.06.2024 | 11:45
Жас сарбаз жарты жыл бойы комада жатыр: Бас әскери прокуратура мәлімдеме жасады
фото: stan.kz

Бас әскери прокуратура Алматы облысындағы әскери бөлімде жарақат алып, 6 айдан бері комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты мәлімдеме жасады.

Әскери прокуратураның мәліметінше, қазір «Денсаулыққа ауыр зиян келтіру арқылы әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастың жарғылық ережелерін бұзу» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Әзірге күдікті ретінде ешкім анықталмаған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтардың дене жарақатын алуына қатысты түрлі нұсқаларды қарастырып жатыр. Оның ішінде жарғыдан тыс қарым-қатынастар да болуы мүмкін. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Ал сарбаздың анасы құзырлы органдардан әділдікті талап етіп, шырылдап жүр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама