Спортқа қатысы жоқ адамдар атағынан айырылды
Антикор спорттық атақтарды негізсіз беру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы А. Әшімовтің спортқа қатысы жоқ адамдарға «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» және «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері» спорттық атақтарын негізсіз беру туралы видеосы зерделенді. Антикор бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Агенттіктің ұсынысы бойынша спортқа қатысы жоқ адамдар атағынан айырылды.
Жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындысы бойынша агенттік Туризм және спорт министрлігінің атына жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар енгізді.
Тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.