Тоқаев қаңтардағы «20 мың террорист» туралы айтты
Бар болғаны 23 адам нақты түрде жауапқа тартылған
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына 20 мың лаңкестің қатысқаны туралы бұрын жарияланған ақпаратқа түсініктеме берді.
«20 мың деген сан туралы айтсақ, бұл көрсеткішті құқық қорғау органдарының бұрынғы басшылары айтқан. 13 қалада бір мезгілде қоғамдық тәртіпті бұзу мақсатында билікке қарсы бандиттік шабуылдар жасалғанын білесіздер.
Қазір 5,5 мың қылмыскер тіркеліп, іс қозғалды, 500 қылмыстық іс сотқа жіберілді, - деді мемлекет басшысы.
Сондай-ақ ол бар болғаны 23 адамның нақты түрде жауапқа тартылғанын алға тартты.
«Бұл біздің осы қайғылы істі өте мұқият зерттеп жатқанымызды көрсетеді. Жоғарыда айтқанымдай, елімізде қайғылы қаңтар оқиғасы қайталанбайтынына сенімдіміз. Ал оның кепілі – бүгінгі референдум. Біз сабақ алдық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.