Париж Олимпиадасы: СІМ қазақстандықтарға кеңес берді
Олар полицияның талабына бағынуға тиіс
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Париж Олимпиадасына баратын қазақстандықтарға кеңес берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ресми өкіл Қазақстан азаматтарының сақ болуы керектігін ескертті.
Олимпиадаға баратын азаматтарымызға кеңес бергім келеді. Спорттық іс-шараға келетін адамдар өте көп болатындықтан жергілікті билік қауіпсіздік шарасын күшейтеді. Олардың талабын мүлтіксіз орындау керек. Әрине, алдымен қауіпсіздік туралы ойлану қажет. Кез келген форс-мажор жағдай болғанда дереу Париждегі елшілігімізге хабарласу керек. Біз оларға көмектесеміз, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Францияның астанасы – Париждегі жазғы Олимпиада ойындары биыл 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.