Ведомство азаматтардың конституциялық құқығын қорғау жұмыстарымен одан әрі айналысып жатыр
Бас прокурордың наразылығымен Жоғарғы сот Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысын ақтып шықты.
Ведомствоның хабарлауынша, Қорғалжын аудандық сотының үкімімен тегі Ахмет деп келтірілген азамат мемлекеттік қызмет атқару құқығынан 3 жылға айырылған болатын.
Сот үкімі бойынша Ахмет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы бола тұрып, Жұмыспен қамту орталығымен жұмыссыздардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау курстарынан тегін өтуге мемлекеттік қолдау көрсету туралы келісімшартқа отырған. Келісімшарт шеңберінде 02.07.2014 жылдан бастап, 31.12.2014 жылға дейін Нұркенова тағылымдамадан өтуге жіберілді. Ол кейін Ахметті университетке түскені және жұмыс істемейтіні туралы хабардар еткен. Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің үздіксіз жұмыс істеуі үшін Ахмет онымен келісімшартты бұзбай, қосымша келісім негізінде оның орнына Жұматаеваны қабылдады. Нұркеновадан (қыркүйек, қазан және қараша айларында) 100 008 теңге көлемінде ақша алған. Бірақ іс жүзінде Жұматаева қабылданған, – делінген хабарламада.
Бас прокуратураның мәліметінше, сот Ахметтің аталған әрекеттерін Қылмыстық кодекстің 307-бабы 2-бөлігі бойынша (1997 ж. редакциясы) 100 008 теңге сомасына материалдық залал түрінде мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан басқа адамдар үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану ретінде саралаған.
Сонымен қатар қылмыстың осы құрамының міндетті белгісі ретінде нақты салдардың болуы қарастырылған. Ахметке 100 008 теңге көлемінде материалдық шығын келтіргені үшін айып тағылды.
Алайда бұл соманы елеулі залал ретінде тануға болмайды. Өйткені жұмыссыз Жұматаева жұмысқа орналасып, шартқа сәйкес жұмыстың барлық қажетті көлемін іс жүзінде орындағаны үшін жұмыс істеген уақытына еңбекақы алғаны анықталды. Осы мән-жайлардың негізінде, бас прокурор наразылық енгізіп, Жоғарғы соттың қаулысымен Ахмет ақталып, оңалту құқығы түсіндірілді, – делінген хабарламада.
Қазір азаматтардың конституциялық құқығын қорғау жұмыстары жалғасып жатыр.