×

Кісі өлтірген қазақстандық 27 жылдан кейін Бельгияда ұсталды (ВИДЕО)

Ол жәбірленушіні босату үшін туыстарынан 100 мың доллар талап еткен

 Еркеғали Болатұлы 03.06.2024 | 14:38
фото: Halyq Uni

Кісі өлтіріп, ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікті азамат Қазақстанға экстрадицияланды. Қылмыс 1997 жылы жасалған, деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаменті.

Қалалық ПД басшысы Арыстанғали Заппаровтың хабарлауынша, күдікті Новосибирск қаласында отандасын ұрлап әкетіп, өлтірген. Сондай-ақ кезінде оны босату үшін туыстарынан 100 мың доллар өтемақы талап еткен күдікті – 63 жастағы қазақстандық Бельгиядан Алматыға жеткізілді. Қаскөйдің бұл ауыр қылмысты адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жасағаны белгілі болды.

Тергеу барысында қылмысқа қатысушылар ұсталып, оларға түрлі жаза тағайындалды. Сот органдарынан қашып кеткен қылмыскерлердің біріне қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы, сондай-ақ мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланды. Іздеудегі азаматтың жалған деректермен Бельгияда жасырынып жүргені белгілі болды.

Алматы қалалық прокуратурасының үйлестіруімен және Интерполдың көмегімен күдікті ұсталып, Алматы қаласына жеткізілді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама