Бүгінде ОЦК-да еліміздің 20 млн азаматы немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған
Биыл жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 251 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды. 115 мың адам өтінішсіз жәрдемақы алып, төлем алу мүмкіндігін пайдаланды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінде онда еліміздің 20 млн азаматы немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.
ОЦК енгізудің басты мақсаты – азаматтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты Әлеуметтік кодексте Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленген. Сондай-ақ ОЦК – азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқығы туралы күнделікті электронды хабарлама, – делінген материалда.
Қазір ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар азаматтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді.
Олар:
Сондай-ақ ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі, «қандас» мәртебесі берілгенде немесе ұзартылғанда мәртебенің аяқталу мерзімі және жұмыссыз адамдар үшін жұмыспен қамту шаралары туралы автоматты хабарламалар іске асырылды.
Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі. Содан кейін ақша алушының банк шотына аударылады.
Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажеттігін атап өтеміз. Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласыңыз. Қоңырау шалу тегін», – делінген хабарламада.