Қарағанды облысында әкімдіктің бұрынғы есепшісі сотталды
Мемлекетке келген залал толық өтелді
Осакаров ауданында әкімдіктің бұрынғы есепшісі 3,6 жылға сотталды, деп хабарлады Қарағанды облысының прокуратурасы.
Аудандық прокуратура Молодежный кентінің әкімдігінде жұмыс істеген бұрынғы бухгалтердің 2022-2023 жылдары өзіне 5 млн теңгеден асатын қаражатты негізсіз есептегенін анықтады. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Осакаров аудандық сотының үкімімен есепші кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді.
Мемлекетке келтірілген шығын толық өтелді.