Мұндай деректер болса, бірден тәртіп сақшыларына хабарласыңыз
Алматыда полиция қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қалалық ПД алаяқтардың жалған хабарламасын жариялады. Онда алаяқтардың құқық қорғау органдарының атын жамылып, заңсыз әрекеттерге барғанын көруге болады.
Алматы полициясы «Whatsapp және Telegram мессенджерлерінде аккаунт ашып, аватарларына мемлекеттік мекеме немесе жеке ұйым басшысының суретін қойып, «ҰҚК тексеріс жүргізіп жатыр» деп қол астындағы қызметкерлерге ақшаны әртүрлі үшінші тұлғалардың шоттарына жедел аудару керектігі туралы жазатын алаяқтық әрекеттері жиілеп кеткенін ескертеді, - деді Алматы қалалық ПД басшысының орынбасары Қуатбек Науатов.
Оның айтуынша, соңғы уақытта алаяқтар бұл әдісті жиі пайдаланатын болған.
Сондықтан азаматтарды алаяқтардың арандатуына сенбеуге, сақ болуға шақырады, - деді ПД басшысының орынбасары.