Павлодардағы өрттен үш көлікке зақым келді
Оқиға техникалық қызмет көрсету орталығында болды
Павлодар облысының құтқарушылары техникалық қызмет көрсету орталығындағы (СТО) өртті жойды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оқиға бүгін Павлодар қаласында болды. Өрт салдарынан үш көлік зақымдалды. Құтқарушылар бір газ баллонын шығарды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында 80 шаршы метр алаңдағы от сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр, – дейді ТЖМ баспасөз қызметі.
Атырауда өрт сөндірушілер екі адамды құтқарды. Алматы облысында жолаушылар автобусы жанып кетті.