Бұны қазақстандықтар білуге тиіс
Алдағы уақытта еліміздің жолдарында әскери техника неліктен көбейеді деген сұраққа Қорғаныс министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
«Жаңа оқу кезеңінің басталуына орай биылғы жылдың 3-6 маусым аралығында Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өтпек. Осыған байланысты жеке құрам жауынгерлік техникамен марш жасау арқылы және теміржол көлігімен еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі полигондарға жеткізіледі. Онда әскери қызметшілер практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды», – дейді ведомство.
Бөлімдердің белгіленген мерзімде мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілеті мен үйлесімділігі, әскери қызметшілердің оқытылуы, сондай-ақ командирлердің бағынысты және берілген бөлімшелерді басқару дағдылары бағаланады. Осыған байланысты, әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарды таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз, – деді министрлік.
Сот есірткі сатумен айналысқан подполковникке әріптестерінің көзінше үкім шығарды. 90 млн теңгенің сканері: Әскери бөлім тексерістен кейін сатып алу шығынын қысқартты.