×

Қазақстанда киік саны 3 миллионға жуықтады

2024 жылы Қазақстанда киікті атуға тағы тыйым салынды

 Айгерім Таубай 31.05.2024 | 17:13
photo © Halyq Uni / Батыр Беспаев

Қазақстанда 2 833 600 киік бар. Бұл туралы Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы ұсынған ақпаратта көрсетілген, деп хабарлайды Halyq Uni.

1 мамырдағы дерек бойынша Орал популяциясында 1 620 000 киік бар, Үстірт популяциясы – 63 600 бас, Бетпақдалада 1 150 000 бас киік бар.

Мамандар 2016-2024 жыл аралығындағы өсімді де көрсеткен. Жалпы өсім – 48%.

Орал популяциясындағы өсім – 43,4%, Үстірт популяциясында 60,2%, Бетпақдала популяциясындағы өсім – 54,3%.

Ел бойынша қанша киік барын анықтау жұмысын Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, «Охотзоопром» Өндірістік бірлестік» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы жүргізген.

Бұған дейін 2023 жылдың 13 қарашасына дейін жалпы 15 380 киік ауланғаны айтылды. Оның ішінде 3 954 киік (Ақмола облысында 10 киік, Батыс Қазақстан облысында 3 944 киік) арнайы қоршауға алынып ұсталса, ату арқылы 11 426 киік (Ақмола облысында 1 833, Қарағанды облысында 2049, Қостанай облысында 1 479 және Батыс Қазақстан облысында 6065 бас) ауланған еді.

Ал 2024 жылы Қазақстанда киікті атуға тағы тыйым салынғаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама