Halyq Uni логотип
×

Онлайн қызметтер алуды жеңілдету керек – министр

Бүгінде көптеген мемлекеттік қызмет ХҚКО-лар да ұсынылады 

 Дәурен Ерболат 31.05.2024 | 15:15
Онлайн қызметтер алуды жеңілдету керек – министр
Фото: Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қызылордаға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады министрлің баспасөз қызметі.

Ведомство басшысы қаладағы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын тексерді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Аида Абибуллаева министрге орталықтың жұмысын таныстырды. Ол Қызылорда облысында 2022 жылы 53 596 көлік тіркелсе, былтыр көрсеткіш 94 523-ке дейін өскенін, сұраныс 2 есе артқанын айтты.

Сондай-ақ министр жүргізуші куәлігіне емтихан қалай тапсырылатынын білді. Жүргізуші куәлігін алудың жаңа ережесіне сәйкес, қазақстандықтар автомектепте оқуды аяқтағаны туралы анықтаманы міндетті түрде ұсынуға тиіс. Жаңа ереже биыл 23 сәуірде күшіне енген. Бүгінде өңірде 511 адам жүргізуші куәлігін алған.

Жалпы қаладағы мамандандырылған орталықта емтихан тапсырушыларға арналған 14 көлік және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 1 автомобиль бар.

Жаслан Мәдиев мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын жақсарту бойынша бірқатар тапсырма берді. 

Мемлекеттік қызметтерді оффлайн режимнен онлайн форматта алуды ынталандыру қажет. Онлайн қызметтерді алуды жеңілдету керек. Өйткені проактивті түрде ұсынылатын көптеген мемлекеттік қызмет әлі де Халыққа қызмет көрсету орталықтарының фронт-офистерінде іске асырылып жатыр, - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама