Көкшетауда үйіне қамалып қалған 87 жастағы кейуана құтқарылды

Дәурен Ерболат

Әйелге медициналық көмек көрсетілді

Фото: ТЖМ

Көкшетауда мамандар үйіне қамалып қалған 87 жастағы кейуананы құтқарды, деп хабарлады ТЖМ.

Қалада 1937 жылы туған әйел пәтерде құлап, өз күшімен тұра алмаған.

Әлеуметтік қызметкер кілттің болмауына байланысты пәтерге кіре алмаған. Ол қалалық Жедел-құтқару жасағының қызметкерлерін көмекке шақырған. Құтқарушылар есікті ашқанда 87 жастағы кейуана еденде жатқан.

Құтқарушы Асан Бекжан зейнеткерге алғашқы медициналық көмекті көрсетіп, оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.