×

Қазақмысқа жұмысқа орналасуға қатысты алаяқтық жалғасып жатыр – прокуратура

Бүгінде 20 адам полицияға жүгінген

 Динара Амантай 31.05.2024 | 13:30
Фото: inbusiness.kz

Ұлытау облысының прокуратурасы «Қазақмыс» корпорациясына жұмысқа орналасуға қатысты алаяқтықтың фактілері жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Қазақмыс» корпорациясына жұмысқа орналастыруға уәде берген таныстарына алданып қалған Сәтбаев қаласының 3 тұрғыны полиция бөлімшесіне жүгінген. Жәбірленушілерге 2 млн теңгеден астам шығын келтірілді. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осыған ұқсас дерек бойынша облыстың 17 тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болғанына назар аударамыз. 2023 жылы 7 қыркүйекте Сәтбаев қалалық сотының үкімімен Байжанов 5 жылға бас бостандығынан айырылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокуратура облыс тұрғындарын алаяқтардан сақ болуға шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама