Шымкентте жоғалған әйел табылды (ВИДЕО)

Дастан Жұмабекұлы

Оның есте сақтау қабілеті нашарлаған

Фото: polisia.kz

Шымкентте полиция жоғалған 56 жастағы әйелді тапты, деп хабарлады Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары оны бірнеше сағат іздеген. Жоғалған әйелдің туыстары оның үйінен шығып, белгісіз бағытта кетіп қалғанын айтқан. Әйелдің есте сақтау қабілеті нашарлаған.

Жоғалған азаматты іздестіруге полиция мен волонтерлар жұмылдырылды. Барлық орын, бейнебақылау камералары тексерілді. Нәтижесінде патрульдік полиция полкінің инспекторлары жоғалған әйелді тауып, қызымен қауыштырды.