×

Астанада краншы биіктен құлап, көз жұмды

Полиция қылмыстық іс қозғады 

 Дәурен Ерболат 31.05.2024 | 12:10
Фото: Halyq Uni

Елордада краншы биіктен құлап, көз жұмды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Астана қаласы ПД бұл деректі растады. 

Оператор краннан түсіп бара жатып, төменге құлаған. Алған жарақаты салдарынан ол көз жұмды. Осы факті бойынша қылмыстық іс («Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамау салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру») қозғалды.

Тергеу жүргізіліп, қажет сараптама тағайындалды.

Қылмыстық-процестің кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама