Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Павлодарда жүргізуші рульге ие бола алмай, көлік аялдамаға соғылды, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Оқыс оқиға 30 мамырда сағат 15:20-да қаладағы Аймауытов пен Павлов көшелерінің қиылысында болған.
Mercedes-Benz 220 жүргізушісі көліктің тізгініне ие бола алмай, автобус аялдамасы мен үйге (Павлов көшесі, 5) соғылған. Апаттан зардап шеккендер жоқ.
Полиция тексерісті бастады. Көлік айып тұрағына қойылды.