Биыл олар мемлекетке 700 млн теңге қайтарған
«Болашақ» бағдарламасымен оқыған 200-ден астам қазақстандық шетелде қалып қойған. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыған 200-ден аса адам шетелде қалып қойды. (Оқудың ақысы) мемлекетке қайтарылып жатыр. Халықаралық бағдарламалар орталығы осы жұмысқа белсенді түрде кірісті. Былтыр олар 1,9 млрд теңге қайтарылса, биыл 700 млн теңге қайтарды. Бұл жұмыс жалғасады. Бүкіл ақшаны қайтарамыз, - деді министр Сенат кулуарында.
Саясат Нұрбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектері мемлекетке қаржыны көбінесе өз еркімен қайрататынын жеткізді.
Олардың басым бөлігі (оқудың ақысын) өздері қайтарады. Олар өз кінәсін мойындайды. Арнайы келісімшартқа қол қойылып, ақша қайтарылады. Кейбір жағдайда сот шешімі арқылы ақша өндіріледі, - деді ведомство басшысы.
Айта кетейік, бүгін ғылым және жоғары білім министрі «Болашақ» бағдарламасындағы дауға пікір білдірген еді.