Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында 7 жасар бала суға батып кетті

Өлімнің себебі – тыйым салынған жерде шомылу

 Динара Амантай 30.05.2024 | 17:07
Түркістан облысында 7 жасар бала суға батып кетті
Фото: Halyq Uni

Түркістан облысының құтқарушылары суға батқан баланың денесін тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2007 жылы туған баланың денесі Төлеби ауданының Оңтүстік ауылындағы Балдыберек өзенінен табылды. Өлімнің себебі – тыйым салынған жерде шомылу.

Ведомство өкілдері ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларды қатаң бақылауға шақырады. Тыйым салынған жерлерде шомылу өмірге қауіп төндіреді.

Еске сала кетсек, бүгін Атырау облысында суға батқан екі ер адамның денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама