Halyq Uni логотип
×

«Гавриленко кінәсін мойындады». Саясат Нұрбек «Болашақ» орталығындағы дауға жауап берді

Екі журналистің үндеуінен кейін «Болашақ» ұйымында тексеріс басталған еді

 Дәурен Ерболат 30.05.2024 | 12:34
«Гавриленко кінәсін мойындады». Саясат Нұрбек «Болашақ» орталығындағы дауға жауап берді
көрнекі фото: Halyq Uni

Бұған дейін Наталья Воробьева және Мақпал Дәрібаева деген екі журналист «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелдік университетке оқуға түскен 24KZ телеарнасының экс-тележүргізушісі Валерия Гавриленкоға кепіл болғанын (2 пәтер) айтып, қазір сол стипендиаттың кесірінен баспанасыз қалу қаупі барын жеткізген еді.

Олардың болжамынша, 2019 жылы Валерия Гавриленко «Болашақ» орталығының қызметкерлерімен сөз байласып, 2 пәтерді кепілден заңсыз шығарып, сатып жіберген. Содан кейін Ұлыбританияға қоныс аударған. Енді «Болашақ» орталығы екі журналистен оқудың ақшасын, яғни шамамен 30 млн теңге қайтаруды талап етіп отыр.

Шағымданушылардың айтуынша, бұл заңсыздық «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Жанболат Мелдешовтің кезінде болған. Ол орталықты 2016 жылдың қыркүйегі мен 2019 жылдың тамызына дейін басқарған.

«Болашақ» орталығындағы дауға байланысты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді. 

Осыдан 2-3 күн бұрын Валерия Гавриленко кінәсін толыққанды мойындап, екіжақты келісімшартқа қол қойылды. Сол келісімшарт аясында ол бүкіл ақшаны қайтаруға жауапкершілік алды. Ал, жауапты тұлғаларға келетін болсақ... Тиісті заңнама аясында Бас прокуратура мәселені бастап кетті, - деді Саясат Нұрбек.

Министр мәселе заң аясында шешілетінін, грант иелеріне талап қойылмайтынын айтты.

«Валерия Гавриленко ақшаны толық қайтарамын деп өзіне жауапкершілік алды, тиісті келісімшартқа қол қойылды. Ол ақшаны төлеуді бастады. Сондықтан гарант иелеріне ешқандай шағым жоқ.

Сондай-ақ біз жауап беруші 3 тарапқа шағым түсіруге мәжбүр болдық. Себебі, заң аясында олар да жауапты. Осылай істеуге мәжбүр болдық. Гавриленко барлық ақшаны төлесе, гарант иелеріне шағым болмайды. Менің ойымша, оларға дұрыс кеңес берілмеген. Олар қауіпті сезіп, залалды толық өтейміз деп ойланған. Бүгінде барлық шағым Валерия Гавриленкоға қатысты болады», - деді ведомство басшысы.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, шетелде заңсыз жүрген стипендиаттарға қатысты ауқымды тексеріс жүріп жатқанын хабарлады.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, шетелде заңсыз жүрген стипендиаттарға қатысты ауқымды тексеріс жүріп жатқанын хабарлады.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның 2015 жылғы 14 желтоқсандағы шешімі негізінде Гавриленко В.В. Ұлыбританияның Ливерпуль университетінде «Стратегиялық коммуникация» мамандығы магистратура бағдарламасы бойынша оқу үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды, 2016-2017 жылдары академиялық оқудан өтті.

Келісімшарт талаптарына сәйкес, стипендиат оқуын аяқтағаннан кейін дипломын тапсыру, оқуын аяқтағаннан кейін Қазақстанға оралу және Қазақстан аумағында мамандығы бойынша жұмыс істеу міндеттемелерін алды, - делінген хабарламада.

Орталықтың хабарлауынша, келісімшарт бойынша стипендиат оқу құнының жалпы сомасынан кем емес бағаланатын жылжымайтын мүлікті КЕПІЛГЕ қоюға міндетті. Кепілге қойылған жылжымайтын мүлік академиялық оқудың жалпы құнын өтемеген жағдайда, қамтамасыз етілмеген қалған сома бойынша стипендиат оқуын аяқтағаннан кейін міндеттемелерді қамтамасыз ететін жұмысқа қабілетті кепілгерлерді ұсынады.

«Гавриленко В. екі жылжымайтын мүлік нысанын кепіл ретінде ұсынды. Алайда олардың құны оқу құнын толық өтемегендіктен стипендиат үшін ресми түрде 2 кепілгер – М.А.Дарибаева, Н.А. Воробьева кепілдік берді, олардың әрқайсымен Орталық кепілдік шарттарын жасасты.

Кепілдік шартының 2.1 және 2.2 тармақтарына сәйкес М.А.Дарибаева мен Н.А. Воробьева оқуды ұйымдастыру шарты бойынша барлық міндеттемені толық орындауға бірлесіп жауапкершілікті мойнына алған. Сонымен қатар кепілдік шартының 2.4 тармағына сәйкес, стипендиаттың Орталық алдындағы міндеттемелерін орындамауы немесе тиісті түрде орындамауы жағдайында міндеттемелерді орындау туралы талапты қанағаттандырмаған жағдайда, Орталық орындалмаған бөліктегі аталған талапты кепілгерге қоюға құқылы, - делінген Орталық мәлімдемесінде.

Халықаралық бағдарламалар орталығы «заңбұзушылықтарды» анықтау үшін бірқатар шара жүргізуге кірісті. Қызметтік тергеу нәтижесінде 2019 жылғы 13 мамырда Орталықтың бұрынғы президенті Мелдешов Ж., вице-президенті Алпысбай М., заң департаментінің басшысы Шарамбаев А. тарапынан стипендиаттың барлық міндеттемесін толық орындауына байланысты жылжымайтын мүлік кепілінен босату туралы хабарлама берілгені анықталды. Яғни Қазақстан аумағында бір жыл еңбек қызметін атқарғаннан кейін.

Аталған фактілер анықталғаннан кейін, Орталық тиісті органдарға (Орталықтың) бұрынғы лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік жалған фактілер бойынша тиісті шаралар қабылдау және кінәлі адамдарды заңда көзделген жауапкершілікке тарту үшін бірнеше рет өтініш жолдады.

2024 жылғы сәуірде орталық Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігіне Валерия Гавриленконың нақты орналасқан жерін анықтау үшін хат жолдаған. Қазір орталық «Болашақ» бағдарламасының шетелдерде жүрген, мемлекет алдындағы шарттық міндеттемелерін орындамаған стипендиаттарды қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама