Halyq Uni логотип
×

Абрамовичтің бизнесі 543 теңгеге сатылады – БАҚ

Бұл туралы еуропалық сарашылар жазып жатыр

 Қанат Атаманов 04.06.2022 | 19:40
Абрамовичтің бизнесі 543 теңгеге сатылады – БАҚ
Фото: ашық дереккөздерден

Financial Times мәліметінше, ресейлік бизнесмен Роман Абрамович пен оның серіктестеріне тиесілі Truphone байланыс операторы 1 фунт стерлингке (543 теңге) сатылатын болады.

Осы айда Абрамович өзіне тиесілі акциялар пакетін сатады. Бұл туралы еуропалық сарашылар жазып жатыр. 

Басылымның мәліметінше, Truphone операторын сату туралы шешім Ұлыбритания билігінің Абрамовичке қарсы санкцияларына байланысты қабылданды. Ресейлік олигарх компания акцияларының 23 пайызын иеленеді.

Айта кетейік, бұған дейін Роман Абрамович «Челси» футбол клубын сатқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама