×

Қазақстандағы медициналық университеттің ректоры ұсталды

Ол кей жылдары Ақтөбе және Жамбыл облысында денсаулық сақтау басқармасын басқарған

 Айгерім Таубай 30.05.2024 | 11:19
Фото: Sputnik.kz

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы ұсталды. Ақпаратты Halyq Uni тілшісіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде «Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ басқарма төрағасы ұсталғанын растайды, - деп хабарлады агенттік.

Өзге ақпараттың қосымша хабарланатыны айтылды.

Ресми сайтта оқу орнының Басқарма төрағасы және ректоры ретінде Әсет Қалиев көрсетілген. Ол кей жылдары Ақтөбе және Жамбыл облысында денсаулық сақтау басқармасын басқарған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама