Тұрғын үй ауласында дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды

Динара Амантай

Сот құқықбұзушыға қатысты шешім шығарылды

Фото: golos-naroda.kz

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты тұрғын үйдің ауласында дәрет сындырған азаматқа қатысыты істі қарады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотта анықталғандай, ер адам тұрғын үйдің ауласында кіші дәрет сындырған. Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады. Аталған құқықбұзушылық іс материалдарымен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен, полиция инспекторының баянатымен және оқиға орнынан түсірілген бейнежазбамен расталды.

Сот қаулысымен С. ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алу түрінде жаза тағайындалды, – делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.