Halyq Uni логотип
×

Астанада талапкер алаяққа алданып қалған

Ер адам жәбірленушінің жоғары оқу орнына түсіремін деп ақшасын алған

 Дастан Жұмабекұлы 29.05.2024 | 10:40
Астанада талапкер алаяққа алданып қалған
Фото: Halyq Uni

Астана қаласында жоғары оқу орнына түсіруге жалған уәде берген алаяқ ұсталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, полицейлер жоғары оқу орнына түсуге көмектесемін деп уәде еткен алаяқты анықтады.

Қала тұрғыны полицияға хабарласып, алаяқтың құрбаны болғанын айтқан. Оның айтуынша, бейтаныс ер адам оқуға түсуге көмектесеміз деген желеумен оның 200 мың теңге көлеміндегі ақшасын иемденіп алған.

Жедел-іздестіру кезінде Алматы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтады. Ол 30 жастағы ер адам болып шыққан. Алаяқ талапкерге жоғары оқу орнында өзінің байланысының бар екенін айтып, төмен балл жинағанына қарамастан оған оқу орнына түсуге көмектесемін деп уәде берген.

Ақшаны алғаннан кейін алаяқ жәбірленушімен байланысын үзген.

Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір оның Астанада осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама