Halyq Uni логотип
×

Елордада 400-ден аса адам тіркелген пәтер анықталды

Баспана иелері жауапқа тартылды

 Дәурен Ерболат 28.05.2024 | 17:54
Елордада 400-ден аса адам тіркелген пәтер анықталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Астанада полиция 400-ден аса адам тіркелген пәтерді анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.

Жыл басынан бері полицейлер нақты тұрғылықты жері жоқ көптеген адам тіркелген 35 мекенжайды анықтады. Баспана иелері өздерімен бірге тұрмайтын адамдарды есепке қойғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 493-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Көші-қон қызметі барлығы 40-қа жуық хаттама толтырып, оның ішінде 6 заң бұзушыны қайта жауапқа тартты. Осылайша, «резеңке пәтерлердің» иелері заң алдынды жауап берді.

Мысалы, полицейлер 400-ден аса адам тіркелген пәтерді және 230-дан аса адам тіркелген тағы бір пәтерді анықтады. Мұның бәрінде Қазақстан азаматтары тұрған.  Олар есептен шығарылды, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бүгінде заң бойынша бір мекенжай бойынша тіркелген азаматтардың санына шектеу қарастырылмаған. Алайда тіркелген адам сол жерде нақты тұруға міндетті.

Бұған дейін елордада бір пәтерде мыңға жуық адам «тұрғаны» анықталған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама